Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі алғашқы альбомын дайындауда | Page 2 | Жұлдыз FM

Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі алғашқы альбомын дайындауда

Жақсы жаңалықпен әнші желідегі парақшасында бөлісті.

"Карантинде елге келіп, ең алғашқы қазақша альбомымды жинақтаудың сәті түсті. Қасымдағы кісіні таныстырмаса да болады. Атақты Марқұм Батырхан ағамыздың репертуарындағы "Отан ана", "Сағым дүние", "Қайран көңіл-ай" сынды талғамы биік көрерменнің жүрегін жаулаған әндердің авторы, нағыз қазақ композиторларының ұстазы - Қуат ағамызбен студияда жұмыс барысында", - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында.

Димаштың айтуынша, ол Қуат Шілдебаевпен 3 жылдан бері кездесуді жоспарлап келген.

"Мен Бейжіңде жүргендіктен Қуат аға екеуміз 3 жыл бойы кездесе алмай енді ғана кездесудің сәті түсті. Осындай ұлы композитормен жұмыс жасаудың өзі үлкен бақыт қой", - деп жазды Димаш.

 

 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12163
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5995
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5334