"Алтын глобус" сыйлығының жеңімпаздары анықталды | Жұлдыз FM

"Алтын глобус" сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Лос-Анджелесте Голливудтың шетелдік басылымдар ассоциациясы "Алтын глобус" номинанттарын марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлыританиялық режиссер Сэм Мендес "1917" картинасы үшін марапатқа ие болды. Бұл санатта сондай-ақ, америкалық Квентин Тарантино ("Однажды… в Голливуде), Мартин Скорсезе ("Ирландиялық") және Тоддд Филлипс ("Джокер") ұсынылды.

 

Брэд Питт "Однажды в… Голливуде" фильміндегі екінші жоспардың рөлі үшін марапат алды. Питт үшін бұл "Алтын глобустағы" жетінші номинация және екінші жеңіс.

HBO телеарнасының бес сериялы "Чернобыль" жобасы қысқа сериалдар санаты бойынша "Алтын глобусқа" ие болды. Бұл санатта "Уловка-22", "Фосси/Вердон", "Самый громкий голос" және "Невероятное" сериалдары ұсынылды.

Квентина Тарантиноның "Однажды в… Голливуде" фильмі "Үздік комедия/мюзикл" санатында жеңімпазы болды. Бұл санатта сондай-ақ, Тайка Вайтитидің "Кролик Джоджо", Райан Джонсонның "Достать ножи", Әртіс Руди Мурдың "Менің атым Долемайт" атты биографиялық тарихы жайлы және режиссер Крэйг Брюэрдің "Рокетмен" Декстер Флетчердің өмірбаяндық тарихы ұсынылды.

1986 жылы Чернобыль АЭС-тегі қайғылы оқиға және оның салдарын жою жөніндегі күш-жігер туралы сериал HBО телеарнасында 2019 жылы шықты. 2019 жылдың қыркүйегінде халықаралық Emmy сыйлығын алды.

"Рокетмен" картинасында Элтон Джон ойнаған Тэрон Эджертон "Комедия/мюзиклдегі ең үздік ерлер рөлі" номинациясында жеңіске жетті. Сонымен қатар, бұл марапатқа Леонардо Ди Каприо ("Однажды в … Голливуде"), Эдди Мерфи ("Менің атым Долемайт"), Дэниел Крэйг ("Достать ножи"), Роман Гриффин Дэвис ("Кролик Джоджо") таласты. 2019 жылы осы сыйлықты Рами Малек "Богемская рапсодия" фильмінде Фредди Меркьюри рөлі үшін алған еді.

 

Комедия/мюзиклдегі үздік актриса Аквафина (рэп-орындаушы Awkwafina) "Прощание" картинасындағы рөлі үшін алды. "Дрянь" картинасы "Үздік комедия сериалы" номинациясында жеңіске жетті. Квентин Тарантино "Однажды в... Голливуде" фильмі үшін "Алтын глобусты" сценарийі үшін алды. Режиссер бұл сыйлықты үшінші рет алып отыр.

Британдық актриса Оливия Колман "Корона" сериясындағы рөлі үшін "Алтын глобус" жеңіп алды.

 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12287
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6095
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5420