Арыстағы өнер иелерімен "Жұлдыз ФМ" радиосы байланысқа шықты | Жұлдыз FM

Арыстағы өнер иелерімен "Жұлдыз ФМ" радиосы байланысқа шықты

Ауыр жағдайға тап болған Арыстықтарға қолдау көрсету үшін бір топ мәдениет және спорт қайраткерлері Түркістан облысына аттанған еді. Осыған орай "Жұлдыз Фм" ұжымы Арыста жүрген өнер иелерімен тікелей эфирде байланысқа шықты. Эстрада жұлдыздары көмек көрсетіп жатқан баршаға алғысын айтып, елді дүрлікпеуге шақырды.

Тікелей эфирде Сәкен Майғазиевке хабарласып, мән-жайды анықтадық . 

«Қатты дүрлігудің қажеті жоқ. Ең бастысы, бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Шүкіршілік етейік. Қазіргі уақытта қатты қорқынышты дүние жоқ. Азық-түлік, суға деген мұқтаждық жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келіп жіті қадағалауына алды. Мәдениет және спорт министрлігіне қарайтын барлық қара шаңырақта қызмет атқаратын ұжымдар бір күндік айлығын аударды»,- деді Сәкен мырза.    

Бағлан Әбдірайымов та көмек қолын созған жандарға алғысын жеткізді.

«Азық-түлік, су мен киімнен қатты бір мұқтаждық жоқ. Барлығына алғысым шексіз! Көптеген кәсіпкер көмек беріп жатқаны анық. Себебі, қазіргі уақытқа дейін 200 миллионнан аса қаржы жиналыпты»,- деді әнші.

 

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өзінің facebook парақшасында өнер қайраткерлері эвакуацияланған арыстықтарға қолдау көрсететінін жазған еді.

«Арыс, біз біргеміз» акциясын Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болман, «Жігіттер» тобы, Ернар Айдар, Майра Мұхамедқызы, Нұржамал Үсенбаева, Жеңіс Сейдоллаұлы, Мөлдір Әуелбекова, Бүркіт, Әйгерім Қалаубаева, Құрмаш Маханов, Алтынай Жорабаева, Ақбота Керімбекова, «Заман» тобы, Жанболат пен Жазира Байырбековтер, Қайрат Әділгерей, Жұбаныш Жексенұлы, Жанар Доғалова, Әлішер Кәрімов, Арман Дүйсенов, Майра Ильясова, Айгүл Қосанова, Нұрлан Албан, Жанар Айжанова, Зарина Омарова, Бейбіт Күшқалиев, Аманжол Әлтаев, Мұхтар Ниязов, Қайрат Нұртас, Гүлнұр Оразымбетова, Серік Ибрагимов, спорт қайраткерлері Ермахан Ыбраимов, Бахтияр Артаев, Серік Сапиев және басқалар қолдады», -  деп жазған  Ақтоты ханым. 

 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
4579
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
3031
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
2931