Азамат Сатыбалды ұстаздық жолға түсті | Жұлдыз FM

Азамат Сатыбалды ұстаздық жолға түсті

Белгілі актер енді Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында сабақ береді.

Өзінің шеберлік сыныбын ашып, студент қабылдап жатқан өнер иесі жаңалығын желідегі парақшасында бөлісті.

"Осыдан жиырма екі жыл бұрын Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясына шәкірт болып келіп едім. Енді міне, Алланың қалауымен ұстаз болып өзімнің шеберxанамды ашып, шәкірттерімді қабылдап жатырмын. Бүгін ерекше күй кештім. Көңілім босап көзіме жас келсе, екінші жағынан бойымды ерекше шаттық биледі. Арманың биік, мақсатың анық болса алынбайтын қамал жоқ екен. Абай атамыз айтпақшы өзіңе сеніп, өзіңді қамшылауың керек. Өмірімнің жаңа парақшасы ашылды. Мәнді, мағыналы және жетістікке толы болсын деп тіледім жаратқаннан. Аллаға сан мың шүкір", - дейді Азамат Сатыбалды. 

 

 

 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12163
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5995
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5334