Баян Алагөзова тағы да кино түсіріп жатыр | Жұлдыз FM

Баян Алагөзова тағы да кино түсіріп жатыр

Баян Алагөзова толықметражды фильмге дайындық жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НTK арнасының Ревью бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі продюсер сән әлемі жайлы сыр шертетін туындының түсірілім жұмыстарын ағымдағы жылдың тамызында бастамақ. Ал қазірге Алагөзова ханым толық метражды фильмге тың идея іздестіруде. Туынды атақты дизайнердің өміріне қатысты болуы мүмкін екендігін айтады продюсер.

"Дизайнерлермен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, олардың ішкі әлемін жақсы білемін. Қазір бәрі дизайнер болып, сән әлеміне кіргісі келеді. Осыған орай, бәсекелестік те жоғары екенін аңғарамын. Өйткені, сән әлемі біздің өмірімізге толықтай еніп кеткен. Дәл менің ойымдағы туындыны Қазақстанда әлі ешкім жасаған емес", - дейді Баян Алагөзова.

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12333
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6126
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5445