Әділхан Макин "Славян базарында" жеңіске жетті | Жұлдыз FM

Әділхан Макин "Славян базарында" жеңіске жетті

Қазақстандық әнші Әділхан Макин Витебскіде өткен «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде Гран-приді иеленді.

«Сүйінші, қазақ елі! Қазақстан өнерінің абыройы тағы бір мәрте асқақтап, «Славян базары-2019» xалықаралық фестивалінде мемлекетіміздің намысын қорғаған Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Эстрада өнері» факультетінің 4-курс студенті Әділхан Макин Гран-приге ие болды. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, мерейімізді тасытқан өнер жеңісі құтты болсын! Осыдан дәл төрт жыл бұрын «Славян базары-2015» xалықаралық фестивалінде Димаш Құдайберген тұңғыш рет Гран-приді жеңіп алып, ал 2017 жылы Ернар Садырбай І-ші жүлдеге ие болған еді. Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биік биыл Әділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды», - деп жазды  Асхат Маемиров өзінің инстаграм парақшасында. 

 

 

Әділxан 2-кезеңде де үміткерлердің көшін бастап, қорытындысында 178 ұпай жинап, қатарластарынан оқ бойы озып, суырылып алға шыққан. 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12162
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5994
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5334