Ділнәз Ахмадиева өзі туралы жаман пікір жазғандарды сотқа бермек | Жұлдыз FM

Ділнәз Ахмадиева өзі туралы жаман пікір жазғандарды сотқа бермек

Дильназ Ахмадиева өзіне теріс пікір жазып, істі болған жігіт жайлы айтып берді. Әнші желіде ұлтына қатысты жазба қалдырып, ұлтаралық араздықты туындатқан азаматтың ісін соңына дейін алып баратынын мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
Әнші қазіргі уақытта жігітке қатысты тергеу болып жатқанын айта келе, көпшілікке істің мән-жайын Instagram парақшасында түсіндірді.

"Иә, расымен болған нәрсе. Қазір істі соңына дейін жеткізу үстіндеміз. Тергеу әлі жалғасып жатыр. Сондықтан істі толыққанды ашып айта алмаймын. Бірақ менде бәрі көріп үлгерген скриншоттар бар.

Сот ісі аяқталған бойда, сіздерге барлығын дәлелдермен көрсетемін. Тағы айта кетерім, бұл оның тек алғашқы хаттарының бірі", - дейді Дильназ Ахмадиева.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Дильназ Ахмадиеваға теріс пікір жазған азамат жауапқа тартылғаны жайлы жазған болатынбыз.

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12338
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6136
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5448