Димаш Ержан Максимнің концертіне қатыса ма? | Жұлдыз FM

Димаш Ержан Максимнің концертіне қатыса ма?

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет кулуарында журналистердің ресейлік «Голос.Дети» жобасының финалисі Ержан Максимнің концертіне танымал әнші Димаш Құдайберген қатыса ма деген сұраққа жауап берді. Алайда министр нақты жауап бермеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Ержан Максимнің алғашқы концерті 28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. 

«Қазір асығыстық жасағым келмейді. Барлық келісімшартқа қол қойған соң ғана сенімді түрде айта аламыз. Бірақ, өздеріңіз де көріп отырсыздар, бұл жерде ешқандай құпия жоқ. Валерий Меладзеден өтінгенімізде ол қуана-қуана келісті. Жас таланттарды қолдауға бағытталған осындай акциялар көбірек болса екен дейміз», - деп жауап берді Мәдениет және спорт министрі.

Айта кетсек, жас әнші Ержан Максим ресейлік «Голос. Дети» жобасына қатысып, финалға жеткен болатын.

Финалда әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетіп, көрермендер наразылық танытты. Кейіннен «Бірінші арна» «Голос. Дети» байқауының алтыншы маусымының қорытындысын жойды

Осыған дейін министр "Бірінші арна" басшылығына дауға ұласқан "Голос. Дети" бағдарламасына әділдік танытқаны үшін алғыс білдірген болатын

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12163
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5995
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5334