Димаш Құдайберген атақты Лара Фабианмен дуэт орындайды | Жұлдыз FM

Димаш Құдайберген атақты Лара Фабианмен дуэт орындайды

Димаш Құдайберген World Music Awards премиясының иегерімен дуэт орындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Таяуда назарларыңызға World Music Awards премиясының иегері Лара Фабианмен жаңа дуэт ұсынамыз", - деп жазды Димаш Instagram желісіндегі парақшасында. 

 

 

Сондай-ақ, жаңа дуэттің қашан тұсауы кесілетіні белгілі болды.

"Игорь Крутойдың жеке концертінде көріскенше. Жаңа әндер, жаңа туындылар, әрине хит әндер орындалады. Жаңа дуэттің тұсаукесері осы кеште болмақ", - деп жазды Димаш Құдайберген. 

 

 

Игорь Крутойдың мерейтойлық концерті Мәскеуде 15 қараша күні болады. "Өмірде 65 бір-ақ рет болады" атты концертке Димаш Құдайберген, Лара Фабиян, Андре Бачели, Юри Башмед, Интарс Бусулис, Аида Грифулина сынды бірқатар тұлғалар қатысады. Кремль алаңында болатын кештің басты ерешелігі - мұздағы шоу. Музыканың мұзбен үйлесуі тыңдарман үшін үлкен жаңалық болмақ. 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12166
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5998
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5335