Игорь Крутой Димаш үшін арнайы ән жазған | Жұлдыз FM

Игорь Крутой Димаш үшін арнайы ән жазған

Димаш Құдайберген тыңдармандарына сүйінші жаңалығын айтты. Әншінің сөзінше, ресейлік композитор өзіне арнап Игорь Крутой жаңа ән шығарып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында Димаш Құдайбергеннің өзі Instagram парақшасында жария етті.

"Ресейдік студияда жұмыс істеудеміз. Жақында сіздерге жаңа ән ұсынамын. Игорь Яковлевич өте керемет дүние дайындап қойыпты. Жақын арада тыңдайтын боласыздар", - дейді әнші.

Ал желі қолданушылары Димаш Құдайбергеннің жаңа әнін асыға күтетінін жеткізді.

"Асыға күтеміз", "Сіздің әндеріңізді тыңдаған сайын жылаймын. Кезекті туындыңызды да күтемін", "Өте керемет", "Сәттілік тілейміз", "Тағы бір мінсіз ән дүниеге келетін болды ғой".

"Өнер әлемінде жолыңыз болсын", "Сізден әрдайым жаңа туындылар күтеміз", "Игорь Крутой мен сіздің біріккен жобаңыздың сәтті шығатыны сөзсіз", "Жарайсыз, Димаш. Шаршамай, әр белесті бағындыра беріңіз" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Димаштың 76 жастағы табынушысы әншінің құрметіне есімін өзгерткен.

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12335
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6130
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5445