Қайрат Нұртастың дауысы ешқашан Димаштай болмайды - Айдарбекова | Жұлдыз FM

Қайрат Нұртастың дауысы ешқашан Димаштай болмайды - Айдарбекова

Қайрат Нұртас жақында Дубайда концерт беремін деп сөзге қалды. Димаштың артынша шетелде концерт берген Қайратты көпшілік Құдайбергеновтің ісін қайталады деп айыптаған. Жағымсыз пікір жазушыларға Гүлзира Айдарбекова жауап беріп те үлгерді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Былай жазған: «Димаш шет елге шыққаннан кейін, сіздер де шет елге концерт беріп жатырсыздар ма?» - дейді. Ал мен шет елге концертті Қайраттың 18 жасынан бастап беріп жатырмын ғой. Бір барғанда 14-15 қаласына беріп қайтамыз Қытайға. Үш мың, бес мың, жеті мың, он мың адамның стадиондарына бергенбіз мысалға. Бірінші рет барып жатқан жоқпыз", - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Қайраттың отбасы Димаштың өнерін бағалайды, оған деген сыйластығы мен құрмті де жоғары. Алайда Қайраттың анасы екі әншіні салыстырудың өзін әбестікке балап отыр.

"Оның 6 октава алатын даусын, Қайрат ала алмайды. Бірақ Қайраттың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы Қайрат Димаш болып туылсам деп армандамайды, Димаш Қайрат болып туылсам деп армандамайды. Әрқайсының өзінің өмір жолы бар", - дейді Гүлзира Үсенқызы.

Ал Қайраттың өзі жағымсыз сөзге мән бермейді. Дубайдан шабыттанып келген ол жоспарлаған турнесін тоқтатпақ емес.

"Әдемі, әсерлі өтті. Қазақтар сағынып қалған. Қырғыздар, еуропалық ағайындар болды. Француздар болды. 1-2 арабтар болды дегендей. Мұның бәрі қызықты сәттер. Бағаналып жатса, неге қуанбасқа? Мен үшін Дубайдан бастаған, мотивация болды. Ары қарай түркі елдеріне қорықпай бара беремін", - дейді Қайрат Нұртас.

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
4579
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
3030
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
2931