Мақатаевтың 170 өлеңі мен 3 поэмасын жатқа білетін Өркен Өсербай - радио қонағы | Жұлдыз FM

Мақатаевтың 170 өлеңі мен 3 поэмасын жатқа білетін Өркен Өсербай - радио қонағы

Бүгін #КешкіШоуда қонақта - М.Мақатаевтың 170 өлеңі мен 3 поэмасын жатқа білетін Өркен Өсербай болды. Бүгінде ол Мұқағали Мақатаев атындағы гимназияның 9-сыныбын тәмамдап жатыр.

Өлеңге деген құлшынысым мен шабытымды ерте жасымнан бойыма дарыған қасиет деп білемін дейді Өркен.

 "Мектепке дейін де, мектепке алғашқы жасаған қадамдарымнан бастап поэзия әлеміне деген сапарым басталды. Жастайымнан өлең жаттауды, өлең жазуды және мағынасын түсінуді алдыма мақсат еткен ата-анам. Себебі болашақ өміріме өте қажет болды. Өлең жаттау ең алдымен сөздік қорыңды, жадыңды жақсартады. Яғни өлең жаттап бастасаң, белгілі бір уақыттан кейін оқуға деген құлшынысың, кітапты оқып жатқандағы әрбір сөздің астарын түсінуің жақсара түседі. Өмірде де әр ортада сөзден қысылмай, ойыңды дөп жеткізіп, өзіңді таныта білесің. Бұл кейбіреу үшін ермек шығар, бірақ бұл, меніңше әрбір азаматтың кейінгі болашақ өміріне, карьерасын қалыптастыруға бірден-бір жол", - дейді оқушы. Алайда Өркеннің айтуынша, өлеңді түсініп оқу мен түсінбей жаттау екі бөлек нәрсе. Жаттап оқысаң, нағыз өлеңнің қадір-қасиетін түсінбей, ары қарай тұлға ретінде өспейсің.

Еске салайық, Tengrinews.kz редакциясы "Қазақстанның талантты балалары" жобасын бастаған еді, оның мақсаты - біздің, қазақстандықтардың жас дарындарымыз жайлы білсін деген ниет. Елімізде ең ақылды, өнерлі, алғыр балалар бар деп сенеміз.

Бүгінде ол Мұқағали Мақатаев атындағы гимназияның 9-сыныбын тәмамдап жатыр.
Подробнее: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/makataevtyin-170-olen-men-3-poemasyin-jatka-bletn-369598/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12161
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5994
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5334