Мәдениет министрлігі Димашты мемлекеттік сыйлыққа ұсынбақ | Жұлдыз FM

Мәдениет министрлігі Димашты мемлекеттік сыйлыққа ұсынбақ

Димаш Құдайберген Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын алуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

 

Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі Димаш Құдайбергенді мемлекеттік сыйлыққа ұсынатын болды. Бұл жайлы мәдениет министрлігінің вице-министрі Ақтоты Райымқұлова айтып берді.

"Заң бойынша мемлекеттік сыйлықтар жылына бір рет "Тәуелсіздік күніне" орай табысталады. Димашты мемлекеттік сыйлыққа ұсыну жоспарымызда бар. Ол бұдан да үлкен марапатқа лайық. Бұл біздің жоспарымыз ғана. Ал, соңғы шешімді президент әкімшілігі мен өзге де мемлекеттік ұйымдар қабылдайды", - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Әлемді мойындатқан әншінің мемлекеттік сыйлық алу мәселесі әлі нақтыланбаған. Бұл жайлы мәдениет және спорт министрлігі алдағы уақытта ақпарат беретін болады

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12166
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5998
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5335