Мейрамбек Бесбаев кіммен дуэт орындағысы келетінін айтты | Жұлдыз FM

Мейрамбек Бесбаев кіммен дуэт орындағысы келетінін айтты

Бозбала шағынан-ақ тыңдарман жүрегінен орын алып үлгерген Мейрамбек Бесбаев  "Talklike" бағдарламасында кіммен дуэт айтқысы келетінін жеткізді. Жұбаныш Жексенұлымен әсерлі ән айтудың реті келмеді, екеуімізге ортақ ән табылмады дейді өнер иесі.

Фото sputniknews.kz сайтынан алынды

"Мен Жұбаныш Жексенұлымен дуэт айтқым келеді. Екеуіміз дуэт айтамыз ба деп келіскенбіз. Бірақ соған сәті түспеді, жақсы ән таппадық. Қаншама композиторларға құлаққағыс та айттық. Дауысымызға, түйсігімізге арнап, жақсы дүние жазыңыздаршы дедік. Ән табылмай қалды", - дейді Мейрамбек Бесбаев.

Сонымен қатар, өнер иесі ең сәтсіз шыққан дуэті туралы айтып берді. Мағыналы, мәнді, әсерлі ән орындап үйреніп қалған Мейрамбек Бесбаев Ақылбек Жеменеймен жазған той әні көңілінен шықпағанын айтып берді.

"Ол солай болатынын сезіп едім. Ақылбек бауырыма да термеге жақынсың ғой, ойлы өлең айтсақ қайтеді деп айттым. Ақылбектің "Қызыл өрікпен" ұрып тұрған кезі. Тойдың темасынан шыға алмады. Соны ұсынып қоймады. Бірнеше рет айтып көрдік", - дейді әнші.

 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12166
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5998
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5335