Әншілер фонограммамен айтатынын концерт алдында ескертуге міндеттелуі мүмкін | Жұлдыз FM

Әншілер фонограммамен айтатынын концерт алдында ескертуге міндеттелуі мүмкін

Енді қазақстандықтарға концерттегі фонограмма туралы ескертіледі. Бұл ұсынысты бұған дейін Мәжіліс депутаттары айтқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ережені қолданыстағы мәдениет туралы заңға енгізу жоспарланып отыр.

"Жұмыс тобы құрылды. Мұнда орындаушының фонограмманы қолданатынын көрерменге хабарлау міндеті туралы сөз болып отыр. Бұл таңдау құқығы үшін жасалынады. Ереже билет бағасына міндетті түрде әсер етеді. Жеке басым фонограммамен өтетін концертке билетті қымбатқа сатып алмас едім", - деді Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова тілші сұрағына.

Оның айтуынша, фонограмма туралы әртісттің барлығы хабарлауға міндетті.

"Заңнама Қазақстан аумағында қолданылады. Ереже қабылдаған жағдайда кез келген шетелдік, қазақстандық әртіс заң шеңберінде жұмыс істейді. Бұл норма әлі қабылданған жоқ, бірақ депутаттар оны қолдады. Басқа мемлекеттік органдар тарапынан наразылық болған жоқ", - деп түсіндірді маман.

Норма дауыстық фонограммаға ғана емес, сонымен қатар музыкалық аспаптарға да қатысты болады, мысалы, домбыра немесе қобыздың жазбасы қосылған кезде.

"Сондай-ақ фонограммаға тыйым салу туралы да сөз болды, бірақ біз бұған әлі дайын емеспіз. Мүмкін, уақыт өте келе енгізіп көруге тырысамыз. Фонограмманы мүлдем қолданбау үшін жабдықталған концерт залдары қажет, бірақ қазір олар тек республикалық деңгейде бар. Өңірлік деңгейде бәрі дайын емес болуы мүмкін. Бұл мәселе талқыланып жатыр", - деді Күміс Сейітова.

 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
4579
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
3031
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
2931