Зеленскиймен КВН-де бірге ойнаған Құмар Лұқманов ескі видеомен бөлісті | Жұлдыз FM

Зеленскиймен КВН-де бірге ойнаған Құмар Лұқманов ескі видеомен бөлісті

Отандық әзілкеш Құмар Лұқманов Украинаның жаңа президентін қызметімен құттықтады. КВН-де Владимир Зеленскиймен бір сахнада өнер көрсеткен ол мұрағаттағы видеосымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында актер өз Instagram парақшасында жазды.

"Украинаның президентімен бір сахнада ойнадым. Шын жүректен Зеленскийді құттықтаймын. Жарады, айтты, істеді. Украина халқы, оған көмектесіңіздер, бірлікте болыңыздар. 2001 жыл", - деді ол.

 

Сондай-ақ, Құмар Зеленскийге арналған әзіл видеоны да парақшасына жүктеп қойды.

Бұл жазбаны көрген жұрт күлкіге қарық болып, түрлі пікірлер жазып қалдырды.

.

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
4736
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
3142
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
3017