Forbes 2019 жылы ең көп табыс тапқан актерлер тізімін жариялады | Жұлдыз FM

Forbes 2019 жылы ең көп табыс тапқан актерлер тізімін жариялады

Forbes әдеттегідей еңбегі жоғары бағаланатын актерлер тізімін ұсынды. Рейтинг жасау барысында 2018 жылдың 1 маусымы мен 2019 жылдың 1 маусымы аралығындағы көрсеткіштер ескерілген, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бірінші сатыға 89,4 миллион доллар тапқан Дуэйн Джонсон жайғасты. 47 жастағы актер осы бір жыл аралығында "Рэмпейдж", "Аспанмен таласқан ғимарат", "Форсаж: Хоббс мен Шоу" аталатын картиналарға түсіп үлгерген.

Екінші орындағы Крис Хемсворт биыл 76,4 миллион доллар тапқан. Ол кіші Роберт Дауни, Брэдли Купер, Крис Эванс пен Пол Радд сынды актерлер тобымен бірге "Кек алушылар: Финал" фильміне түсті. Төртінші саты Болливуд актері Акшай Кумарға ( 65 миллион) тиесілі. Үздік ондықты 35 миллион доллар ақша тапқан Уилл Смит қорытындылайды.

Журнал еңбегі жоғары бағаланатын актерлерді Nielsen, ComScore, Box Office Mojo және IMDB компаниялары мен кино өндіріс сарапшылары жасаған зерттеулерге сүйене отырып анықтайды.

 

 

Add new comment

Other news:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
13333
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6793
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
6074