DAZN стриминг сервисі Геннадий Головкинге қыркүйекте жекпе-жекке шығатын үш адамды қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілеме жасап.
Басылым хабарлаған ақпарат бойынша, GGG-мен жекпе-жекке үміткерлер - украиналық Сергей Деревянченко, мексикалық Хайме Мунгия және жапониялық Риота Мурата.
Айтпақшы, Головкиннің қарсыластарының ішіндегі басты үміткер - Деревянченко. Онымен қазақстандық кезінде жекпе-жекке шығудан бас тартып, IBF белбеуінен айырылып қалған.
Ал енді Халықаралық бокс федерациясының бұл титулы жекпе-жектің ұтысы болады.
Add new comment