Айқын Төлепберген коронавирус жұқтырды | Жұлдыз FM

Айқын Төлепберген коронавирус жұқтырды

Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Мына жаңа пневмония деген бәле маған да жетті. Екі күн дене қызуым көтеріліп жатып қалдым. Парацетамол іштім, дәрі іштім, капельница қойдым, ақыры қоймады. Амал жоқтан ауруханаға жатқызды. ПТР-ға тапсырдым, әлі дайын болмады. Мені қайта аяққа тұрғызып, тәубетімді қайтарған барша медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз. Шынында, осы жерде ғана олардың тынбай, науқастардың жанын сақтауда еңбек етіп жатқанын көресің. "Барша сенбегіштерге айтарым, үйде отырыңыздар. Екі-үш жетіде Алла қаласа басыла бастайды деп ойлаймын негізгі толқын. Себебі жан-жақта бәрі не ауырып жатыр, не ауырып шықты. Мен сияқты жас жігітті аяқтан жеңіл жығып құлатқан бұл дерт өте қауіпті! Ең қуантарлығы, толық жазылған соң "смело" жүре беруге болады", - дейді әнші. 

Ал кеше әнші Instagram желісіндегі Stories функциясы арқылы оқырмандарының "Коронавирус жұқтырдыңыз ба?" деген сұрағына, ауруды жұқтырғанын растады. 

 

 

"Өкінішке қарай, мен де коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 10 миллион адамның бірімін. Бірақ жағдайым дәрігерлердің арқасында жақсарып келе жатыр", - дейді әнші. 

Ал Қазақстанда 29 маусымдағы жағдай бойынша, жалпы 21 327 адам коронавирус жұқтырса, оның 12 933-і аурудан айыққан, 178 адам қайтыс болды. 

 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12162
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5994
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5334