Бәрі жақсы болады! | Жұлдыз FM

Бәрі жақсы болады!

Құрметті достар! "Жұлдыз FM" радиосы ERG компаниясының қолдауымен "БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ" атты xалықаралық деңгейдегі жақсылыққа шақыратын флешмобын қолға алды.

"Армансыз адам,қанатсыз құсқа тең" демекші, кез келген адамның арманы бар. Жалпы қатты қиналған сәттерде де бізді алға жетелейтін сол арманымыз,болашаққа деген сенім,үміт. Ойланып қарасақ,біз өте бақыттымыз ғой. Аспанымыз ашық,заманымыз тыныш,ел-жұрт аман. Бақыттың өзі кішкентай ғана қуанышты сәттерден тұрады емес пе?! Таңертең ұйқыдан оянуымыздың өзі бір бақыт. "Қайғыңды бөліссең азаяды,қуанышыңды бөліссең көбейеді" дейміз ғой. "Жұлдыз фм" радиосы, "ERG" компаниясының қолдауымен елімізде "Все будет SUPER" яғни, "Бәрі жақсы болады" деген флешмоб ұйымдастыруда. Флешмобқа сізде қатысып,қуанышыңызды еселеңіз. Өміріңіздегі жетістіктеріңізбен бөлісіңіз.

Инстаграм,вконтакте,фэйсбук желілерінде

#всебудетсупер

#ERG

#алашмедиагруп

#жулдызфм

#флешмоб xэштегтерін жазып, орындалған армандарыңыз немесе алға қойған мақсаттарыңызбен бөлісіңіздер. Сол арманыңызға жету жолындағы қызықты оқиғаларыңызды да жазуға болады. Флешмобтың мақсаты, басқаның қолынан келген дүние біздің де қолымыздан келетінін түсіну. Қаншалықты бақытты жандар екенімізді ұғыну. Барға қағанат,жоққа сабыр ете білу. Адам баласының мүмкіндіктерінде шек жоқ. Ең бастысы, мойымау, еңсені түсірмеу, алға қойған мақсаттарымызға жету үшін аянбай еңбек ету. Флешмоб нәтижесінде сіздің оқиғаңыз www.tengrinews.kz , www.massaget.kz , "Жұлдыз фм" радиосының инстаграм парақшасында жарияланып, тіпті өзіңіз радиоға қонаққа шақырту алып жатсаңыз,таңқалмаңыз! Ал ендеше,іске сәт ағайын! @zhuldyz.fm

 

Add new comment

Other news:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12159
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5993
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5333