Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтанда өткен концерттен түскен қаражатты Арыста зардап шеккендерге береді | Жұлдыз FM

Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтанда өткен концерттен түскен қаражатты Арыста зардап шеккендерге береді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Нұр-Сұлтанда "Астана Арена" стадионында өткен концертте билеттер сатылымынан түскен қаражаттың бір бөлігін Арыста зардап шеккендерге көмектесу мақсатында құрылған қорға аударатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біздің бауырларымыз - Арыс тұрғындары қандай жағдайға тап болғанын білесіздер... Сол себепті мен концерттен түскен қаражаттың біршама бөлігін Арыста зардап шеккендерге аударуды ұйғардым", - деді әнші. 

 

 

Димаш Құдайбергеннің жеке "Арнау" атты концерті елорда күніне орай өткізілді. Бағдарламада қазақтың ұлттық әндері, қазақстандық және шетелдік композиторлардың туындылары орындалды, сондай-ақ Димаштың авторлық әндері де шырқалды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, әншінің фанаттары 64 елден 10 мыңға жуық адам билет сатып алған. 

Еске салайық, Арыста әскери қоймада жарылыстардың салдарынан үш адам қаза тапты. Қазақстандықтар қала тұрғындарына көмек ретінде миллиард теңге жинады. 

Add new comment

Other news:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12288
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6096
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5421