Елімізде сужаңа «JańǵyryQ» жобасы басталады | Жұлдыз FM

Елімізде сужаңа «JańǵyryQ» жобасы басталады

«Qazaqstan» телеарнасы отандық әншілердің қатысуымен «JańǵyryQ» жобасын бастайды.

Жоба продюсері Мақпал Жұмабайдың айтуынша, еліміздің мәдени өміріндегі елеулі оқиға - Димаш Құдайбергеннің халықаралық деңгейдегі «Арнау» атты ірі концертін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырып отыр.

«Назарларыңызға ұсынып отырған «JańǵyryQ» жобасы заманауи қазақ музыкасында өз жолын салып келе жатқан авторлық музыкаға арналған. Бұл жоба  өзіндік  ойымен, орындау мәнерімен, шығармашылық идеясымен ерекшеленетін авторларды жинайтын музыкалық алаң. «JańǵyryQ» -  авторлық музыка мен жанды дыбысты насихаттайтын еліміздегі бірден-бір музыкалық жоба. Бұл жоба музыка саласындағы авторлық көзқарас пен орындаушылық өзгешеліктерді көрсетуімен құнды. Жоба бұқаралық сипат алған бүгінгі  ән өнеріне жаңа тыныс береді. Сол арқылы өзіндік әуезі мен ұстанымы бар авторлардың қалыптасуына себеп болмақ. Біз  «JańǵyryQ»  жобасы арқылы жаңа музыкалық бағыттардың, мәдени қауымдастықтардың  тууына ықпал етеміз деп сенеміз», - дейді Мақпал Жұмабай.

«JańǵyryQ»  жобасы 4  концерттен тұрады. Жоба ерекшелігі - әр орындаушының өз музыкалық тобы бар және ол өзінің авторлық туындыларын ғана орындайды. Жобаға  эксперименталды электронды музыка өкілдері де қатысады. Ал түсірілім бір дубльмен, концерттің шынайылығын сақтау арқылы жүзеге асқан. Дыбыс пен видео сапасын қамтамасыз ету үшін арнайы режиссерлық топ пен дыбыс режиссерлері жұмыс істеген. «Жанды дауыстағы концерттер мен live форматтағы жобаларға ғана қатысамын деп осыдан бір жыл бұрын шешім қабылдаған едім. Дегенмен, бұл ұстанымымызды жүзеге асыратын алаңдар аз болды. Осы ретте «Qazaqstan»  телеарнасының бұл бастамасы өте маңызды. Мұндай жобалар  біз секілді әнші-авторлардың шығармашылық мүмкіндігін ашуға, жанды дыбыстың салтанат құруына және тыңдарманның талғамынынан шығуға  ықпал етеді», - дейді Мақпал Жұмабай.

 

Жобаға 12 орындаушы - Moldanazar тобы, Мархаба Сәби, Satzhan project, Maqpalsher, Darkhan Juzz, Jeltoksan, DAMU, Qonyratbay Fam, Qudyr, ARShAT, ámir қатысып отыр.

«JańǵyryQ» жобасының тұсаукесерін 6 сәуір күні сағат 11:40-та  «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан көруге болады. Айта кетейік, «JańǵyryQ»  жобасының идея авторы - Ерлан Қарин, продюсері - Мақпал Жұмабай, қоюшы-режиссері - Тоғжан Құрманжанқызы, дыбыс режиссері - Оралхан Сәдуақас.



 

 

Add new comment

Other news:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12163
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5995
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5334