Ержан Максим Нұр-Сұлтанда алғашқы концертін береді | Жұлдыз FM

Ержан Максим Нұр-Сұлтанда алғашқы концертін береді

Концертте әнші Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ренат Гайсин, Айқын Төлепберген өнер көрсетпек. 28 маусымда қазақстандық жас әнші Ержан Максим Нұр-Сұлтан қаласында жеке ән кешін береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"28 маусымда "Қазақстан" орталық концерт залында Ержан Максимнің концерті өтеді", - деді брифингте мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Жас дарынның шығармашылық кешін мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып жатыр. Концертте, сонымен қатар, әнші Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ренат Гайсин, Айқын Төлепберген өнер көрсетеді деп жоспарлануда.12 жастағы оралдық әнші Ресейдегі "Голос. Дети" жобасына қатысып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген еді. Қазақстандық жас әнші финалда екінші орын иеленді. Бірінші орын әнші Алсудың 10 жасар қызы Микелла Абрамоваға бұйырған болатын. Алайда интернет қолданушылар финалдің әділ өтпегенін айтып, шу шығарған еді. Осыдан кейін Бірінші арна финал қорытындысын тексеріп, тіпті Group-IB халықаралық компаниясын тексеріске жұмылдырды.

16 мамыр күні финалда дауыс беру кезеңіне сырттан ықпал болғаны анықталып, байқау нәтижесінің күші жойылды.

Бірінші арна хабарлағандай, 24 мамыр күні "Голос. Дети" байқауының финалы өтеді.

Add new comment

Other news:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12161
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5994
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5334