Головкин мен Альварес жекпе-жегі келесі жылға қалуы мүмкін | Жұлдыз FM

Головкин мен Альварес жекпе-жегі келесі жылға қалуы мүмкін

The Ring, LA Times, Fox Sports басылымдарындағы жұмысымен танымал журналист Майк Коппинджер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы трилогияға қатысты инсайдерлік ақпараттарын бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Дереккөздердің хабарлауынша, Golden Boy Promotions пен "Канело" қыркүйекте Головкинмен трилогия өткізуге қарсы болып отыр. Оның орнына "Канело" 14 қыркүйекте Каллум Смитпен не Сергей Ковалевпен жұдырықтасып, GGG-мен жекпе-жекті 2020 жылдың мамырына қалдыруды қалайды.

Бірақ әлі де "Канело" мен GGG арасындағы үшінші жекпе-жектің 14 қыркүйекте өту мүмкіндігі бар. Әзірше ештеңе шешілген жоқ. GGG мен DAZN осыны қалап отыр. Енді "Канелоның" не шешетінін көрейік", - деп жазды инсайдер Twitter желісінде. 

Айта кетейік, 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Головкин DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысын өткізген еді. Қазақстандық боксшы канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жекпе-жектен кейін ол Альваресті трилогия ұйымдастыруға шақырып, оны қыркүйекте өткізуді ұсынған. 

Add new comment

Other news:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12274
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6082
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5410