Бағдарламалар | Жұлдыз FM радиосы | Радио Zhuldyz FM

Сәрсенбі

18:00-19:00

Жүргізуші:

Жандәурен Мәди

Нұрбек Қасым

Жұлдыз FM радиосында жаңа жоба! Zhuldyz LIVE – отандық музыканттар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, тыңдармандарымен жақындай түсетін музыкалық шоу. Жоба аясында Қазақстанның ең үздік әншілері апта сайын 1 сағат бойы жанды дауыста ән салады. Радиошоу мақсаты – қазақ музыкасын дәріптеу, жанды дауысты насихаттау және отандық эстрадада фонограммасыз ән айтатын кәсіби музыканттар көп екенін көрсету. 

Ұшқын Жамалбек Соңғы жүктелген хабар

Дүйсенбі – Жұма

08:00-11:00

Жүргізушілер:

Жандәурен Мәди

Наргиз Ибрагим

Алдын ала бір аптаға тақырыптар бекітіледі. Атаулы күндерге орай қонақтар шақырылады. Эфирдің алғашқы сағатында тақырып жөнінде ой қозғалады. Келесі екі сағатта тақырыпқа сәйкес қонақпен сұқбат жүргізіледі. Әртүрлі айдарлар және жаңа әндердің тұсауы кесіледі. Бағдарлама СТВ арнасы, радио мен әлеуметтік желіде тікелей эфирде өтеді. Әр сағат сайын елімізде болып жатқан жаңалықтармен тікелей эфирде тыңдармандарды хабардар етеді.

Қонақта - KALIFARNIA Соңғы жүктелген хабар

Дүйсенбі – Жұма

17:00 - 19:00

Жүргізушілер:

Нұрбек Қасым

Ұлжан Айнақұлова 

Алдын ала бір аптаға тақырыптар бекітіледі. Атаулы күндерге орай қонақтар шақырылады. Бағарлама бірнеше айдарлардан тұрады:

«Бүгін» - сол күнгі атаулы күндер мен тарихта есте қалған оқиғаларды баяндайды.

«Жұлдызды жаңалықтар» - елімізге танымал жұлдыздардың соңғы

жаңалықтарымен бөліседі.

«Әзілің жарасса» - тыңдарманның тапсырысы бойынша халықпен әзілдесеміз.

«Мәдениет жаңалықтары» - елімізде болған соңғы мәдениет жаңалықтарымен бөліседі.

«Мен сені жақсы көремін» - тыңдармандардың тапсырысы бойынша ренжіскен адамдарды табыстырып, жақындарына хабарласып, сезімдерін жеткізеді.

Қонақпен сұқбат жүргізіледі және жаңа әндердің тұсауы кесіледі. Бағдарлама радио мен әлеуметтік желіде тікелей эфирде өтеді. Қазақ эстрада жұлдыздарының әндерінен микс жасалады.

Қонақта - Азамат Сатыбалды Соңғы жүктелген хабар

Дүйсенбі – Жұма

13:00-14:00

19:00-20:00

Жүргізушілер:

Анар Мыңбаева 

Жандәурен Мәди

Наргиз Ибрагим

Нұрбек Қасым

Ұлжан Айнақұлова

 

Тыңдармандардың жолдаған хаттары оқылады және тікелей эфирге хабарласып, өз жақындарын құттықтай алады.

01.07.2020 Соңғы жүктелген хабар

Дүйсенбі – Жұма

Әр сағаттың басында

Жүргізушілер:

Әсем Нұрғали

Жандос Сейдалин

 

Әр сағат сайын елімізде болып жатқан жаңалықтармен тікелей эфирде тыңдармандарды хабардар етеді.

Жұма - Сенбі 

20:00-22:00

Жүргізушілер:

DJ Ахметов

DJ Slim

Ойын-сауықтық бағдарлама. Қазақ эстрада жұлдыздарының әндерінен микс жасалады. 

Сенбi:
19:00 - 20:00

Жексенбi:
11:00 - 12:00

Жүргізуші:

Анар Мыңбаева

21.03.2020 Соңғы жүктелген хабар