Әсел Сәдуақасова "Дауыс International" кезін еске алып, жұртшылықты таң қалдырды | Жұлдыз FM

Әсел Сәдуақасова "Дауыс International" кезін еске алып, жұртшылықты таң қалдырды

Әсел Сәдуақасова желідегі парақшасында 17 жыл бұрынғы суреттерімен бөлісті. Бүгінде кино саласындағы продюсерлікті қолға алған ару өнер жолына қалай келгенін еске алып, құрбыларына деген сағынышын білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас кезіндегі фотоларын актриса өзінің Instagram парақшасында жариялады. Онда Сәдуақасова небәрі 15 жаста болған.

Ол атышулы қыздар тобына қалай қабылданғаны мен шоу-бизнес саласына жасаған алғашқы қадамы туралы айтып берді.

"Бұл уақыттан бері 17 жыл өте шықты. Барлығы құдды кеше ғана болғандай. Өте керемет кез еді. 15 жасымда Жітіқара ауылынан Алматы қаласына көшіп бардым.

10 сынып оқып жүрген кезімде, 17 жасымда Қазақстанның ең танымал тобының құрамына кіріп кеттім.

Сол сәттен менің шығармашылықтағы жолым бастау алды. Айналамдағы ғажайыптар үшін Алла тағалаға мың да бір алғыс. Асель, Асыл парақшаларыңды таба алмай жатырмын. Сендерді сағынып кеттім. Жақсы көремін" , - деп жазды актриса.

Желі қолданушыларының көбісі Әсел Сәдуақасованың табиғи сұлулығына сүйсініп, оның әлі де жас көрінетінін жазуда.

Add new comment

Other news:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12163
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5995
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5334