Айсұлтан Сейітов Қазақстанды күллі әлемге паш етті | Жұлдыз FM радиосы | Радио Zhuldyz FM

Айсұлтан Сейітов Қазақстанды күллі әлемге паш етті

Отандық танымал режиссер Айсұлтан Сейітов Қазақстан жайлы ерекше видео түсірді. Желіге жарияланған бейнежазба бірден халықтың қошеметіне ие болған.

Әлемдік жұлдыздарға бейнебаян түсіріп жүрген қазақстандық режиссер өз еліне ерекше тарту жасап, барша отандастарын қуантқан.

Айсұлтан Сейітов Қазақстанның ең көрікті жерлерінің көрінісін қазақи нақыштағы рухты әуенмен толықтырған.

Айта кетерлігі, видеода басты кейіпкерлер ретінде әлемге "#Followmeto" жобасын сыйлаған танымал жұп Мурад және Наташа Осман бой көрсетті. Жер шарын шарлап, өз саяхаттарымен көпшілікпен бөлісетін жұбайлар Қазақстанға ат басын бұруына отандық режиссер себепкер болған.

Айсұлтан Сейітов өзімен бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан жұпқа еліміздің ең әсем әрі тарихи жерлерін көрсеткен.

"Мен Қазақстанның әдемілігіне тағы да бір мәрте тәнті болдым. Мен бұл жобамен және өз елімді қалың көпшілікке танытқанымды мақтан тұтамын. Бұл қазіргі таңда мен үшін аса ерекше. Себебі, басқа елде тұрып жатқандықтан, туған жеріңе деген сағыныш арта түседі. Бұл видеоны әлем бойынша барынша көп адам тамашаласа деймін" , - деп ағынан жарылды Сейітов.

Анықталғандай, түсірілім мемлекет пен жергілікті ұйымдардың көмегінсіз, режиссердің командасымен жүзеге асқан.

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12288
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6096
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5421