Польшада Димаш Құдайбергенге арналған радио ашылды | Жұлдыз FM радиосы | Радио Zhuldyz FM

Польшада Димаш Құдайбергенге арналған радио ашылды

Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты.

«Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана хабарлаймыз. Бұл ресми түрде тіркелген хабар тарату станциясы, ол жерде қойылатын әндердің авторы мен орындаушыларына қаламақы төленеді. RadioDimash.pl-дің мақсаты - Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттау. Негізінде Димаштың әндері көбірек қойылады. Бірақ Димаштың бағытына жақын польшалық және шетел әншілеріне де орын табылады. Аталған радио Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубтарымен байланыс орнатуға, бірге жұмыс істеуге дайын. Біз Димаштың концерті Польшада да өткенін армандаймыз», - делінген Facebook-тегі «Dimash Kudaibergen Fan Club Poland» деп аталатын Димаштың фан-клуб парақшасында.

 

Өз кезегінде Димаш та бұл жаңалыққа қуанып, тыңдармандарына алғыс айтты.

«Бүгін Польшада «Димаш» радиосы ашылғанын білдім. Құрметті менің Dears-тарым (Димаштың фанаттары), менің шығармашылық жұмысыма арналған радио ашқандарыңыз үшін зор алғыс айтамын.Осындай радио алғаш Аргентинада, одан кейін Польшада ашылды. Сіздер мен үшін көп нәрсе істеп жүрсіздер. Әлемде әншілер көп екенін жақсы білемін, бірақ сіздер маған сенім артасыздар. Сіздерге деген алғысым шексіз», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына.

 

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12159
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5333
NinetyOne тобының мүшесі Азамат Зенкаев топтан шықты.  JUZ Entertainment әртіспен арадағы мәселеге байланысты келісім-шарттың бұзылғанын мәлімдеді....
11.08.2020
20028