GGG алға! | Жұлдыз FM радиосы | Радио Zhuldyz FM

Қазақстандықтар Геннадий Головкинге барынша қолдау көрсету үшін арнайы флешмоб бастады. Желі қолданушылар тоғызыншы маусым күні жұдырықтасатын отандасымызға жеңіс тілеп, өз видеоларымен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында алғашқылардың бірі болып GGG-ге Бүркіт пен Аиша қолдау білдірді.

"Геннадий Головкин! Жақында жекпе-жек, өткізіп алмаңыздар. Біз өз спортшымызға жеңіс тілейміз! Головкин - қазақстандық спортшы. Ал қазақстандық спортшылар ең мықты әрі үздік" , - деді Бүркіт.

Жолдасының сөзін жалғастырған Аиша "жерлесім алға" деп, Бүркіттің ішіне соққы жасады.

Генаны қолдау флешмобына "Қазақстан аруы-2019" Мадина Батық та қосылды. Еліміздің хас сұлуы отандасымыздың жеңісіне сенетінін алға тартты.

"Гена, сіз халық үшін нағыз чемпионсыз. Біз сізге сенеміз! GGG алға" , - деді бойжеткен.

Сонымен қатар, желіде Головкинге қолдау білдірген екі бүлдіршіннің де видеосы тарады.

Геннадий Головкинді қолдау флешмобына қарағандылық кеншілер де қатысты. Боксшының жерлестері оның құрметіне әсерлі видео түсірген.

Идея авторының сөзінше, видеоға 300 жұмысшы қатысқан.

Түсірлім мекеменің өндіріс ауданында өткен. Арнайы ролик үшін жарылыс ұйымдастырылған. Оның аумағы 900 шаршы метрді құрды.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, 12 тонна жарылғыш құрылғы қолданылып, 97 мың кубометрді құрайтын тау массасы жарылған.

"Біздің жерлесіміз Головкинге қолдау көрсетейік! Гена, біз сенің жеңісіңе сенеміз! Сенің соққыларыңжарылған жүз кубометр тау массасы іспетті жойқын болсын" , - деген жазба қалдырған видеоның астында.

 

Айта кетейік, желі қолданушылар өз парақшаларында отандық боксшыға қолдау білдіріп, видеоларына #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе хэштегтерін қалдыруда.

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12160
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5994
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5333