Алсудың қызы бір миллион рубльді қайырымдылыққа жұмсады | Жұлдыз FM радиосы | Радио Zhuldyz FM

Алсудың қызы бір миллион рубльді қайырымдылыққа жұмсады

Алсудың қызы бір миллион рубльді қайырымдылыққа жұмсады.

"Голос. Дети" байқауының финалисі өзінің 1 миллион рубль ақшасын Татарстандағы Анжела Вавиловованың атындағы қорға аударған. Бұл жайлы қордың басшысы Владимир Вавилов балаларды қорғау күніне орай өткен концертте айтып берді.

"Микелла Абрамова "Голос. Дети" байқауының жеңімпазы атанғанда, келісім шартқа қол қойып, жүлдесін қайырымдылыққа беретінін айтты. "Сіздің балаларыңызға арнап, осы қаражатты беремін" деген болатын Микелла", - дейді Владимир Вавилов.

Қорды 2003 жылы Владимир мен Марина Вавиловтар 5 жасында рактан қайтыс болған қыздары Анжеланың құрметіне арнап ашқан. Олар Татарстандағы онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға қолдау көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максимді "Голос. Дети" байқауының әділқазылары да қолдап, жеңіске жетуге лайық деп тапқан болатын. Алайда, Алсудың қызы Микелла Абрамованың жасанды жолмен дауыс жинауы қазақстандық жігітке жеңіске жетуге кедергі болған.

Жаңа пікір қосу

Басқа жаңалықтар:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12332
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6126
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5445